Назар аударыңыз! Атырау қаласы бойынша жолдама беру тәртібіндегі өзгерістер
Назар аударыңыз! Атырау қаласы бойынша жолдама беру тәртібіндегі өзгерістер

2025 жылғы 13 маусымнан бастап, сағат 18:00-ден кейін, Атырау қаласы бойынша балабақшаларға жолдама беру уақытша тоқтатылады.
Осыған байланысты, 13 маусымға дейін және сағат 18:00-ге дейін рәсімделген барлық жолдамалар күшінде қалады, әрі олар бойынша балаларды қабылдауға рұқсат етіледі.
Аталған өзгерістер ваучерлік жүйеге кезең-кезеңімен көшу аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл процестің мақсаты – балабақшаға жолдама беру жүйесін одан әрі ашық, әділ және автоматтандырылған ету.
Сіздерден түсіністік танытуларыңызды сұраймыз және барлық жаңартулар туралы қосымша хабарланып отыратынын ескертеміз.



