«Ер есімі-ел есінде» атты шара болып өтті
9 Мамыр Ұлы жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай «Мерей» бөбекжай бақшасында «Көгершін » және «Ласточка» топтары бірлескен «Ер есімі-ел есінде» атты шара болып өтті. Шара Құрманғазы ауданы орталығындағы «Обелиска монументі» орталығында өтті. Шараның мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік пен батырлық танытқан батыр аталарымыз бен аналар туралы білімдерін кеңейту. Патриоттық сезімге тәрбиелеу. Балалар Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларымыз туралы еске ала тұрып гүл шоқтарын қойды. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен жерлестер туралы әңгіме жүргізілді. Елімізде тыныштық болсын!



