«Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы,білім бөлімінің «Мерей» бөбекжай балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Нұғыман Манаев көшесі 52 үйде екі қабатты ғимарат болып орналасқан. Балабақшаның ауласы толық көгалдандырылған 130-дан астам теректер мен 40-гүлзарда гүл өсіп тұр.
Балабақшада арнайы алты топтың ағаш беседкалары әр топтың балаларының жас ерекшеліктеріне сай үйшіктер,әткеншек,құмзарлар,сырғанайтын төбешік,отырғыш,темір доға аспалы,үлкен ойын алаңдары орналасқан. Балабақшада ыстық су мен салқын су қамтамасыз ету орталық су торабы үздіксіз келіп тұр. Балабақша ауласында түнгі жарық шамы және мекеме аумағын бойлай сыртқы ішкі бейнекамералар орналасқан. Балабақша типтік деңгейде. Балабақша 2016 жылы күрделі жөндеуден өтті
Балабақшамыз 140-орындық, 6 топқа жасақталған. 5 қазақ тобы, 1 орыс тобы жұмыс жасайды. Мамандар толық қамтылған. Балабақшада 46 қызметкер қызмет атқарады. Оның 20-сы педагогикалық қызметкер. Балабақша трек балабақасы болып ашылған. Балабақша жетістіктеріне келетін болсақ оқу жылдары аралығында педагогтар мен тәрбиеленушілердің еңбектері республика және облыс,аудан көлемінде танылған шығармашылық байқауларына қатысып жүлделі орындарға иеленді. Қазіргі заманауи талаптарына сай оқу тәрбие ісі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты негізге ала отырып,ұлттық педагогика бағытта жетілдіруде. Әр топ заман талаптарына сай дамытушы отра бес білім дағдысына сәйкес жасақталған.
