Балабақшаға қабылдау
Балабақшаға қабылдау:

Жаңа оқу жылына жас ерекшеліктеріне қарай топ жасақтау қалай жүргізіледі?
Атырау облысында мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдауға арналған жазғы жинақтау науқаны 2025 жылғы маусымнан бастап кезең-кезеңімен бастау алды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға 2025-2026 оқу жылына топтарды жасақтау балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Соның ішінде Атырау қаласында жазғы жинақтау басталды. Бұл ерте бастама ата-аналар ағынын реттеу, жүйені жүктемеден сақтау және балаларды біртіндеп бөлу мақсатында жүзеге асырылды.
Аудандар бойынша – Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Мақат, Махамбет және Индер – жазғы жинақтау маусымның екінші жартысында ұйымдастырылып жатыр.
Әр аудан өз инфрақұрылымына, дайындық деңгейіне және жергілікті ерекшеліктерге сәйкес жұмысты жоспарлы түрде іске асыруда.
Атырау қаласында түрлі базалық санаттар бойынша топтар ашылып, олар белгіленген уақыт кестесіне сай біртіндеп жалпы кезекке енгізіліп отыр. Бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы, ашық әрі әділ тетік болуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.
Атырау қаласы маусым айының соңғы жартысында ваучерлік жүйеге толық көшу көзделіп отыр.
Осыған байланысты қазіргі кезде қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, ақпараттық жүйелерді дайындау, мектепке дейінгі ұйымдарды бейімдеу, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізгі басымдықтар ретінде айқындалған.
Жалпы, Атырау облысындағы жазғы жинақтау үдерісі – мектепке дейінгі білім беру саласын жаңғырту, цифрландыру және әділдік қағидаттарына негізделген жүйелі реформалардың маңызды бір бөлігі болып табылады.



