Консультатциялык жұмыс .Қазақ тілі маманы Мырзағалиева С. Тіл дамыту жаттығулары.

Консультациялық пункт жұмысы.
Көңілді добым қимылды ойын.
Дене нұсқаушысы Хисина Райса.
Ұсақ саусақ моториканы дамытуға арналған ойындар.
Педагог-психолог Насипова Л.
Балалар тізімі

«Ойын арқылы баланың сөйлеуін дамыту
КМҚК «Мерей» бөбекжай балабақшасы
Консультациялық пункт жұмысы
Тақырыбы: «Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар»
2025-2026 о/ж
Консультациялық пункт жұмысы
Тақырыбы: «Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар»
Өткізілген күні: 6.10.25
Мақсаты: Ата-аналардың үй жағдайында баланың ұсақ моторикасын дамытудың маңыздылығымен таныстыру және тиімді ойын түрлерімен бөлісу.
Ата-анаға кеңес: Неліктен ұсақ моторика маңызды?
— Қол саусақтарының қозғалысы – тіл дамуына, зейінге, есте сақтау қабілетіне, жазу дағдысына әсер етеді.
— Ұсақ моторикасы дамымаған балаларда сөйлеу, жазу, нақты әрекеттер жасау қиындайды.
Ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар:
1. Мүсіндеу:
— Пластилиннен, қамырдан әртүрлі пішіндер жасау
— Ұсақ шарик жасау, шұжықша шиыру
2. Сұрыптау:
— Бұршақ, ноқат, макарон өнімдерін сұрыптау
— Түймелерді түсіне қарай бөліп, жіпке тізу
3. Қыстырғыштармен ойын:
— Киім қыстырғыштарын қағазға қыстыру
— Суреттегі киімге қыстырғыш таңдау
4. Мозаика және конструкторлар:
— LEGO, түрлі ұсақ бөлшектермен ойын
— Геометриялық мозаикалар құрастыру
5. Саусақпен сурет салу:
— Су, бояу, құм, манка үстінде саусақпен сызықтар салу
— Саусақ театры (саусаққа қуыршақ кигізу)
6. Шнуровка (тесу-жіппен тарту):
Тесігі бар картоннан жасалған суреттерге жіп өткізу
7. Клипса, кнопка, түйме тағу жаттығулар
✅ Ұсыныс: Күн сайын 10-15 минуттық ұсақ моторика ойындары – мектепке дайындықтың кепілі. Ата-ана баламен бірге ойнап, бағыт беріп отыруы өте маңызды.

